$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте бастауыш партия ұйымдары жас кәсіпкерлерге төмен пайыздық несие беруді ұсынды

AstanaTV
05.02.2019ж. 20:00
3039
Шымкентте бастауыш партия ұйымдары жас кәсіпкерлерге төмен пайыздық несие беруді ұсынды

Шағын және орта бизнесті дамытуда жастар үшін несиелендіру бағыттарын қайта қарастыру қажет. Мұндай ұсынысты бүгін Шымкентте өткен «Нұр Отан» партиясы Абай аудандық филиалының кезектен тыс XXXVI конференциясында бастауыш партия ұйымының өкілдері көтерді. Жас кәсіпкерлер бастапқы жарна мөлшерінің 10 пайыз болуы тиімсіз деп санайды. Оның мөлшерін 4 -5 пайызға дейін төмендеткен жағдайда ғана кәсіпкерлік жанданатына сенімді. Іскер жастар әсіресе өндірісті өркендету бағытына ден қоюды ұсынып отыр. Конференция барысында партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі ережелері де талқыланды. Баяндамашылар кәсіптік білім беру ұйымы оқытушыларының жалақы мәселесін де ортаға салды.  

Гүлзат ИСКАКОВА, «ТӘУЕЛСІЗДІК» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: 

Мұғалімдерге категория есептелінеді еңбекақысын төлеу барысында. Ал, оқытушыларға есептелмейді. Бізде тек қана стаж бойынша төленеді. Сондықтан біз категорияны есептеуді ол үшін «мұғалім» деген сөздің қасына «оқытушы» деген сөзді де қосып жазуды ұсындық. Өйткені, әр бес жыл сайын категорияны жоғарылатуға аттестациядан өтіп отырамыз мұғалімдердің барлығы дерлік, ал бірақ категория есептелінбейді.

А. Төребекқызы