Спорт Қазақстан
$449.3 €489.69 ₽4.89
×

Ақтөбе облысында 10 сынып оқушысының қазасынан кейін төрт мұғалім жұмыстан кетті

AstanaTV
05.02.2019ж. 20:00
3121
Ақтөбе облысында 10 сынып оқушысының қазасынан кейін төрт мұғалім жұмыстан кетті

Ақтөбе облысында 10 сынып оқушысының қазасынан кейін төрт бірдей педагог қызметінен шеттетілді. Оқушылардың аудан-ауданға бөлініп пышақтасуынан кейін арнайы комиссия екі мектепті тексерген. Екі бірдей мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері жазаланыпты. Комиссия тексеру кезінде тәрбие ісінде жіберген бірқатар олқылықтарды анықтаған. Оқушылармен құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізбегені үшін №6 орта мектептің және Ідіріс Үргенішбаев атындағы орта мектептің директорларына сөгіс жарияланған.  

Ләззат РСАЛИНА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:  

Тұтастай мектептердегі тәрбие ісінің ұйымдастырылу деңгейі зерделенді. Аудандық білім бөлімі екі мектептің директорын тәртіптік жауапкершілікке тартқан. Екі мектептің де директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қызметтен шеттетілді. Сынып жетекшілері жетекшілік орнын босатты.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қаңтар күні аталған екі мектептің 10 сынып оқушылары төбелескен. Ідіріс Үргенішбаев атындағы мектептің оқушысы кеудесінен пышақ жарақатын алып, артынша көз жұмды. Осы оқиғаға қатысты адам өлімі бабымен қылмыстық іс қозғалған болатын.  

Б. Рахметова