Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мерзімінен бұрын сайлау болмайды-Н.Назарбаев

AstanaTV
05.02.2019ж. 20:00
2298
Мерзімінен бұрын сайлау болмайды-Н.Назарбаев

Елде мерзімінен бұрын Президент сайлауы болмайды. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық Кеңеске жолдаған өтінішіне орай түсініктеме берді. Президенттің айтуынша, басқа елдерге қарағанда Қазақстан Конституциясында мемлекет басшысы қызметінен қандай жағдайда өз еркімен кете алатыны нақтыланбаған. Конституциялық Кеңеске сол себептен өтініш білдіргенін айтты. 1995 жылдан бері кеңеске 220 өтініш түскен. Оның 22-сі тікелей Прездиенттен. «Бұл қалыпты жұмыс, оны сан-саққа жорудың қажеті жоқ», - деді.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Конечно, всех интересует... Самый интересный вопрос - это выборы, транзит и так далее. Читайте Конституцию, читайте законы о Президенте. Там все четко расписано: когда выборы происходят, когда срок приходит. Да, у Президента по Конституции, законам есть право объявлять досрочные выборы. Но нам это не грозит. Давайте успокоимся, будем нормально работать.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық Кеңеске Президент өкілеттігін тоқтату туралы тармақты ресми түсіндіру жөнінде өтініш білдірді. Ол туралы Конституциясының 42 бабы 3-ші тармағында жазылған. Онда президент өкілеттігі жаңа сайланған президент қызметіне кіріскенде, сондай-ақ мерзімінен бұрын орнын босатқанда және қызметінен өз еркімен кеткенде немесе қазасына орай тоқтатылатыны көрсетілген. 

М. Дюсекина