Ал, АҚШ зымырандарды жою туралы келісімнің құрамы кеңейтілсе, Ресеймен жаңа шарт жасасуы мүмкін. Жыл сайынғы Конгресс алдындағы үндеуінде Дональд Трамп осылай деп мәлімдеді. Америка Ресейдің бұл шартты жылдар бойы бұзып келгенін айтып, айыптаған болатын. Сөйтіп АҚШ келісімнен шығып, шартты тоқтатты. Бұған Конгресс мүшелері толықтай қолдау білдіріп отыр.
Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Мен АҚШ-тың орта және кіші қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шарттан шыққанын мәлімдедім. Бұл келісімге біз Қытай және тағы бірнеше мемлекетті қосып, жаңасын жасауымыз мүмкін. Егер, біз оны жүзеге асырсақ, басқалардан асып түсетінімізге сенімдімін.
А. Бектас