$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарда қызылша ауруы белең алды

AstanaTV
06.02.2019ж. 20:00
3448
Қызылжарда қызылша ауруы белең алды

Қызылжарда қызылша ауруы белең алды. Жыл басынан бастап өңірде бұл дертке 26 адам шалдыққан. Бұл жайында біздің арна тілшілеріне қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері хабарлады. Қазір науқастар дәрігерлердің көмегіне жүгініп, тиісті ем-дом алып жатыр. Бір жарым айдың ішінде қызылшаның белгілерімен ауруханаға 52 адам түскен. Бірақ, инфекция оның жартысында ғана анықталды. Қалған 11 адам аурудың өзге түріне шалдыққан. Ал, 15 тұрғынның қан сараптамасы әлі де тексерістен өтіп жатыр. Айта кету керек, қызылша инфекциясын жұқтырған 26 адамға ауруға қарсы екпе жасалмағаны белгілі болды.  

Күлпәш ТАЛАСБАЕВА, СҚО ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: 

26 адамның бесеуі екпе мерзімін шегеру жөнінде арыз жазған, үш адам екпеден бас тартты, сегіз баланың жасы екпе жасау уақытына әлі жетпеді, екеуіне вакцина жетпей қалған, ал қалған сегіз адамның неге екпе жасамағаны белгісіз. Қазір біздің аймаққа Батыс Қазақстан облысынан қосымша 1500 екпе келді. Айта кету керек, былтыр Солтүстік Қазақстанда қызылша ауруымен бір-ақ адам ғана ауырды.

А. Құрманкин