Оңтүстікқазақстандық ұн өндірушілер өнімдерін Өзбекстанға экспорттай алмай отыр. "Қазақстан темір жолы - Жүк тасымалы" АҚ Шымкенттегі бөлімшесіндегілер мәселе көрші ел тарапынан туындап отырғанын айтады. Бүгінде 2500 вагон шекара аса алмай кідіріп тұрған көрінеді. Оның басым бөлігі - ұн. "Бидай өнімі тиелген вагон саны әдеттегіден 2,5 есе артық", - дейді мамандар. Ұн Өзбекстанға ғана емес, Тәжікстан және Ауған елдеріне де экспортталуы тиіс.
Бақытбай
Қасымбеков, «ҚТЖ - жүк тасымалы» АҚ Шымкент бөлімшесі басшысының орынбасары:
Өзбекстандағы вагон түсіру жағдайы нашарлықтан өңкей тиелген вагондардың бәрі
Өзбекстанда тұр, 750 вагон, кері
қайтпай. Оған ҚТЖ-ның ешқандай кінәсі жоқ. Біз вагон беруге әр уақытта
дайынбыз. Бірақ бүкіл вагонға ұн артып қойып, өзімізді ұстап отырмау
керекпіз ғой. Сондықтан кәсіпорын тоқтап қалмасын деп, сол әр кәсіпорынға, ол бір күнде 2 вагон артуы
керек қой, сонда 60 вагон айына артатын болады, екі вагоннан бөліп беріп
жатырмыз.
Еске
салайық, өткен аптада аймақтың ұн өндірушілері солтүстіктен астық жеткізу үшін
вагон жетіспей жатқанын айтқан еді. Бұл мәселе қазір біршама шешілген.
Кәсіпорындар тиісті бидайын алып, өнім өндіріп жатыр.