Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Түркияның Стамбұл қаласында айдың-күннің аманында көп қабатты үй құлап, 21 адам қаза тапты

AstanaTV
11.02.2019ж. 20:00
3899
Түркияның Стамбұл қаласында айдың-күннің аманында көп қабатты үй құлап, 21 адам қаза тапты

Ал, Түркияның Стамбұл қаласында айдың-күннің аманында көп қабатты үй құлап, 21 адам қаза тапты. Төтенше жағдайдың себебі әлі анықталған жоқ. Тұрғын үй ақпанның алтысында түскі төрттер шамасында опырылып түскен. Ғимаратта 35 адам болған. Үйінді арасынан 21 мүрде табылды. Тағы 14 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған. Қала басшысы Әли Ерликайя тұрғын үйдегі 14 пәтерде 43 адам тіркелгенін айтты. Ғимарат 1992 жылы тұрғызылған екен. Кейін үстінен тағы 3 қабат заңсыз салынған. Ал, үйдің жертөлесінде рұқсатсыз тоқыма шеберханасы жұмыс істеп тұрыпты. Сақтық үшін құлаған үйге жапсарлас салынған ғимарат тұрғындары қауіпсіз жерлерге көшірілді. Стамбұл прокуратурасы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.  

Д. Қайыртай