Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Халықтың салықтық өсімпұлдары кешіріледі

AstanaTV
11.02.2019ж. 20:00
2073
Халықтың салықтық өсімпұлдары кешіріледі

Халықтың салықтық қарыздарының өсімпұлы кешіріледі. Ол үшін жеке тұлғалар салықтарын өтеуі тиіс. Қаржы министрі бұл өзгеріс Салық кодексіне енгізілетінін мәлімдеді. Бүгінде 1 жарым миллионға жуық азаматтың берешегі бар. Оның соммасы 21 миллиард теңгені құрайды. Оның 6,6 млрды өсімпұл. Ол негізінен жер, үй, көлік салығы. Ал, бүгінде салықтық қарызы бар 28 мың заңды тұлға 6 млрд теңгеге жуық қарыздарын төлеп, өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеуден құтылған. Салықтық рақымшылыққа 210 млрд теңге борышы бар шамамен 90 мың кәсіпкер ілігеді. Бұл қарыздар өтелсе, Үкімет оларды 130 млрд теңге өсімақы мен мен айыппұлдардан босатпақ.  

Г .Меңдеева