Негізгі / Жаңалықтар / Қызылорда облысындағы екі жүз мыңнан астам көліктің 68 мыңы ғана ресми техникалық байқаудан өткен

Қызылорда облысындағы екі жүз мыңнан астам көліктің 68 мыңы ғана ресми техникалық байқаудан өткен

Қызылордада алаяқтар көлікі техникалық байқаудан 5 мың теңгеге өткізіп келген. Техқұжатты он бес минуттың ішінде дайындап береді. Тіпті, көлігіңді әкеліп көрсетудің де керегі жоқ. Мәміленің мән-жайын ватсап арқылы да келісуге болады. Жалған құжат жасайтындар жайлы мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы агенттіктің аймақтағы қызметкерлері айтты. Ведомства өкілдері арнайы мониторинг жүргізіп, заңсыз қызмет ұсынушылардың көлеңкелі кәсібін әшкерлеген көрінеді. Олардың көбісін ресми жұмыс істейтін техникалық байқау өткізу орталық маңынан кездестіруге де болады. Мәселен, мына жедел түсірілімде «Камаз» көлігіне техқұжат рәсімдеу мен оның бағасы жөнінде келісіп жатыр.  

- За пять с половиной тысяч сделаем.  

- За пять тысяч-нормально же.

- А можно вам скинуть данные на ватсап и забрать документ по готовности?

- Да, конечно- бес жарымнан болады.

Сыр өңірінде екі жүз мың көлік тіркелген. Алайда, жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдерінің дерегінше, солардың үштен бір бөлігі ғана ресми техникалық байқаудан өтіпті.  

Бағдат ІЗКЕНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МҚІСЖҚА ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:  

Біздің облыста екі жүз мыңға жуық автокөліктер тіркелген болса, оның 68 мың автокөлігі техникалық байқаудан өткені анықталды. Қалған бөлігі не себептен техникалық байқаудан өтпей жүргені немесе жалған техникалық байқаудан өтіп, жалған құжатпен жүрген жөнінде күмән тудыратын мәселелер бар.

З. Санай