Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Борис Керімбаев 71 жасында дүниеден озды

AstanaTV
12.02.2019ж. 20:00
3339
Борис Керімбаев 71 жасында дүниеден озды

Ауған соғысының ардагері, жауынгерлер арасында «Қара майор» атанған отставкадағы полковник Борис Керімбаев 71 жасында дүниеден озды. Борис Төкенұлы Керімбаев 1948 Алматы облысында дүниеге келген. 1970 жылы Ташкент әскери училищесін тәмамдаған. 1980-1983 жылдары Ауған соғысына қатысып, арнайы тапсырмаларды орындайтын мұсылман батальонының командирі болды. Сауатты басшылықтың арқасында батыр командирдің сарбаздары аз шығынға ұшырап, көбінесе жеңіске жетіп отырған. Оның ерлігі аңызға айналып, «Қара майор» деген лақап аты күллі аймаққа жайылған. 

М. Дюсекина