Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ө.Жолдасбековтің 85 жылдығы атап өтілді

AstanaTV
01.03.2016ж. 20:00
6290
Ө.Жолдасбековтің 85 жылдығы атап өтілді

Бүгін біртуар ғалым, кезінде Казгудың атын дүркіреткен ректор, академик Өмірзақ Жолдасбеков тірі болғанда 85 жасқа толар еді. Бүгін Әл-Фараби университетінде ғалымды еске алу кеші өтті. Оған Алматыдағы ғалымдар мен ғалымның ізін қуғандар, жақындары жиналды. Өмірбек Жолдасбеков пен әйгілі «КАЗГУ қалашығы» егіз ұғым. Атақты ғалым бұл университетті 16 басқарып, білім ордасын Кеңес Одағындағы ең жетекші жоғарғы оқу орындарының дәрежесіне көтерді. Оның мемлекетшілдігі мен ұлтқа деген сүйіспеншілігін білетін ел ағалары бүгінгі мерейтойлық жиынға көп жиналды.

Сұлтан Сартаев, Қоғам және мемлекет қайраткері:

Бұл кісі, қазақ халқы қанша өмір сүретін болса, мәңгілік қазақ еліне бірге баратын азаматтардың бірі,- деп санаймын.

Оразәлі Сәбден, Академик:

Мемлекет дегенде ол кісінің тұғыры биік болатын. Халықты елді бәрінен биік санайтын. Өмекеңнің басқа адамдардан айырмашлылығы міне - осында. Ол халықшыл адам болды.

Өмірзақ Жолдасбековтың ғылымға қосқан үлесі зор. Оның өнертабысы түрлі салада қолданылып жүр. Қазақстандағы ғылымға жаңа бағыт, жаңа серпін берген тұлға. Парламентте ғылым туралы заңды жетілдіруге түрткі болды. Ал балалары әкенің жолын қуған.

Баян Жолдасбеков,  Ө.Жолдасбековтің қызы:

Бәрінен бұрын мен үшін осындай әкенің есімін арқалап жүру үлкен мәртебе, әрі жауапкершілік. Бұл Алланың бізге берген бағы және оны уақытында әкем де әрқашан өз деңгейінде ұстады. Біз балалары да оның ізін қуып, тұлға болып қалыптасу үшін еңбектеніп келеміз.

Қазақстандағы роботтар механикасы, механизмдер және машиналар теориясы мектебінің негізін қалаушы Өмірбек Арысланұлының өнегелі ісі өлмейді. Ғалымның жолын жалғастырып жүргендер жетерлік. 25-і ғылым докторы, 100-ге жуығы кандидат атанды. Ал ғалымның мерейтойына орай оның ізін қуған әртүрлі оқу орнындағы 30 жас ғалымға степендия берілді.

Нұрлан Баянбай, магистрант:

Мен робототехника мамандығы бойынша оқыдым. Ал Жолдасбеков Қазақстандағы робототехниканың атасы. Мен оны сол кезде білдім. Бұл кісінің осындай жетістікке жеткенін көргенде дамуға, жетілуге үлкен талпыныс береді.

 Осыдан 16 жыл бұрын 68 жасында өмірден озған қоғам қайраткеріне ескерткіш те қойылды. Ал бүгін өзі негізін қалаған механика- математикалық факультетінің салтанат залына оның есімі берілді.  

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ