Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылжардағы тергеу изоляторының мамандары саяси науқанға қызу дайындық үстінде

AstanaTV
17.02.2016ж. 20:00
1696
Қызылжардағы тергеу изоляторының мамандары саяси науқанға қызу дайындық үстінде

Қызылжардағы тергеу изоляторында отырғандар үшін жабық сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Онда сайлау кезінде 153 адам дауыс береді. «Дегенмен, наурыздың 20-сына дейін олардың қатары өзгеруі мүмкін», - дейді учаске төрайымы Екатерина Говаркова. Сайлау учаскесінің басқалардан айырмашылығы болмайды. Әдеттегідей, кабиналар мен бюллютень жәшігі сайлауға бірнеше күн қалғанда орнатылмақ. Мекеме мамандары, сот үкімін күткендер мен күдікті ретінде қамалғандардың жеке басын растайтын құжаттарын тексерген. Үш адамның куәлігі болмай шығып, қазір құжаттары қалпына келтіріліп жатыр екен.  

Екатерина Говаркова, Солтүстік Қазақстан облысы №703 сайлау учаскесінің төрайымы:

Біздің жабық сайлау учаскесінде күдікті, айыпталушы және соттың үкімі әлі күшіне енбеген азаматтар ғана дауыс береді. Ал жазасын өтеушілерге сайлауға қатысуға тыйым салынған. Осындағы комиссия құрамына 7 адам кірмек. Мұнда халықаралық байқаушылар да келе алады. Бірақ олардың тізімі алдын ала тексеріліп, бекітіледі.

Абзал ҚҰРМАНКИН