$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі Еуроодақпен бірлесіп, Керчен бұғазындағы оқиғаға жауап ретінде Ресейге қарсы жаңа санкция дайындап жатқанын растады

AstanaTV
13.02.2019ж. 20:00
2515
Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі Еуроодақпен бірлесіп, Керчен бұғазындағы оқиғаға жауап ретінде Ресейге қарсы жаңа санкция дайындап жатқанын растады

Ал, Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі Еуроодақпен бірлесіп, Керчен бұғазындағы оқиғаға жауап ретінде Ресейге қарсы жаңа санкция дайындап жатқанын растады. Мәскеудің бұған қарсы қандай амал қолданатыны әзірге белгісіз. Алайда, Кремль 24 украина теңізшісін ұстауға қатысты басқыншылық әрекет жасады деген айыпты мойындамай отыр. «Financial Times» газетінің хабарлауынша, Ресейге қарсы санкциялар ақпанның 18-і күні Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің кездесуінде талқыланып, наурыз айының соңына дейін енгізіледі. Еске салайық, Тереза Мэй Ұлыбритания премьері болғаны Лондон Ресейге қатысты қатаң саясат жүргізе бастады. Былтыр «Скрипаль ісі» бойынша да Мәскеуге қарсы санкция жариялап, оның соңы дипломатиялық жанжалмен аяқталған. Еуроодақ сол кезде Лондонның сөзіне еріп, 150 ресейлік дипломатты елден шығарып жіберген еді. 

А. Құрманкин