Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбеде елу жас маманға жаңа пәтер кілті табысталды

AstanaTV
14.02.2019ж. 20:00
2463
Ақтөбеде елу жас маманға жаңа пәтер кілті табысталды

Ақтөбеде бүгін 50 жас маман пәтер кілтін алды. «Жастар жылы» аясында аймақта 1 ай бұрын жаңа бағдарлама іске қосылған. Оған жасы 29-дан аспаған, тұрақты жұмысы бар, айлық табысы 60-80 мың теңге аралығындағы, баспанасы жоқ жастар қатысып жатыр. Алғашқы жарна 350 мың теңге. Ай сайынғы төлем 35 -40 мың теңгені құрайды. Жалпы аумағы 45 -55 шаршы метр 1 бөлмелі пәтер беріледі. Бағдарламаға қатысуға екі мыңға жуық жас тілек білдірген.  

Берік МҰСТАФИН, ТҰРҒЫН: 

Бірінші этаптан өттім. Екінші этаптан өткеннен кейін маған звондады. Мынадай күні кел вручение болады деп сенген жоқпын. Бардым. Барғанша соңына дейін сенген жоқпын. Менің фамилиямды айтқан кезде барып, кілтті суырып алып сол кезде ғана түсіндім пәтер алғанымды. Сол өте қуаныштымыз.

Б. Рахметова