Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодарда «Ұлы даланың көне сарындары» фестивалі өтті

AstanaTV
14.02.2019ж. 20:00
2289
Павлодарда «Ұлы даланың көне сарындары» фестивалі өтті

Ұлттық өнерге тағзым! «Ұлы даланың көне сарындары» фестивалі Павлодарға келді. Мәдени шара Семей қаласында бастау алып, өңірлерді аралап жүр. Еліміздің әр аймағынан дәстүрлі өнердің дүлділдері жиналыпты. Фестивальде қазіргі таңда ұмытыла бастаған ескі әуендерге басымдық берілген. Жиналған қауым жыршы, термеші, айтыскерлер мен күйшілердің өнерін тамашалап, рухани сусындады. Бірегей жоба республиканың 15 қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Шара «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтіп жатыр.  

Алмас АЛМАТОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ: 

«Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», «Ұлттық код» деп отырғанымыздың барлығы дерлік біздің музыкалық, фольклорлық үлкен мәдениетімізде тұр. Сол мәдениетті бүгінгі мұрагер ұрпақтары, әнші, жыршы, күйші, айтыскер ақындарымыз. Бүгінгі концерттің негізгі мақсаты да ұлттық өнер.

Ә. Мұхитқызы