Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жер тек Қазақстан азаматтары арасында саудалануы керек - М.Тайжан

AstanaTV
15.02.2019ж. 20:00
2105
Жер тек Қазақстан азаматтары арасында саудалануы керек - М.Тайжан

Жер тек Қазақстан азаматтары арасында саудалануы керек. Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан осылай дейді. Бүгін Мәжілісте ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мәселесі қаралды. Тайжан жер учаскелерін сенімсіз банк кепілдігінен шығарудың жолын іздеуге, жалға алу шартына қатысты заңдық шектеулерді алып тастауға шақырды. Сондай-ақ, бірыңғай аграрлық салық енгізуді ұсынды.  

Мұхтар ТАЙЖАН, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Ұсынымыз - жеке меншік институтының орнына жалдың нарығын орнату. Жердің нарығы біздің ойымызша, тек Қазақстан азаматтарының арасында болу керек. Және де жүз пайыз Қазақстандық фирмалардың арасында болу керек. Бұл нарық ашық болу керек, электронды болу керек. Ұсынымыз - бірыңғай аграрлық нарықты орнату.

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: 

Жалға берілген жерлердің оборотынан шектеулерді алып тастау керек. Жалға берілген жер тиімсіз пайдаланатындардан тиімді пайдаланатындарға ауысып тұру керек. Біз ұсыныстардың бәрін өте мұқият талқылаймыз. Жақын арада өз шешімімізді жеткіземіз.