Елімізде барлық өңірлерде әлеуметтік карта жасалуы керек. Бүгін мәжілісмендер Премьер-министрге осындай сауал жолдады. Мұндай қадам мемлекеттің қолдауына шынымен мұқтаж азаматтарды анықтауға сеп болады. Бүгінде Президенттің әлеуметтік бастамаларын іске асыруды қадағалау бойынша жұмыс тобы құрылған. Олар көпбалалы аналарды әлеуметтік қолдау, баспанамен қамтамасыз ету, жөргек пұлы басқа да маңызы мәселелерді бақылайды.
Айгүл НУРКИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Депутаттар барлық аймақтарды аралап келгендерін білесіздер. Әр өңірде халықпен кездесті. Арасында көпбалалы аналар да бар. Бәрінің ұсыныстарын тыңдадық. Оның барлығы қазір мәжілісте қаралуда. Сондай-ақ, депутаттар өңірлердің әлеуметтік картасын жасау туралы Премьер-министрге сауал жолдады. Сол арқылы ауыл, қала, аудан орталықтарындағы барлық тұрғындардың жағдайлары анықталатын болады. Сәйкесінше көмек те көрсетіледі.
У. Қабылтай