Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астанада екі дәрігер жалған анықтама сатып, ұсталды

AstanaTV
18.02.2019ж. 20:00
2651
Астанада екі дәрігер жалған анықтама сатып, ұсталды

Астанада екі дәрігер жалған науқас парағын сатып, ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Бір күнге арналған еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы 2 500 теңгеге саудаланған. Қалалық емхананың бас медбикесі мен дәрігері 10 000 теңгеге анықтама өткізіп жатқан жерінен ұсталды. Бұған қоса полиция анықтаманың заңсыз сатылуына делдал болған әйел адамды да қолға түсірді. Алайда, сақшылар ұсталған қай емхананың мамандары екенін айтпай отыр. Еске салайық, Қазақстанда жалған құжаттар адамдар тобының алдын-ала келісуімен жасалса, 10 млн теңгеге дейін айыппұл салынады. Төрт жылға бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. Ал, жалған анықтаманы пайдаланғандар 400 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді. 

Әлия БАКИМБАЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТМЕНТІНІҢ БӨЛІМ МАМАНЫ: 

Қазіргі кезде аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодекстің 385 бабымен сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталған тұлғалар кінәсін мойындады. Астана қаласының полиция қызметкерлі азаматтарды жалған уақытша еңбекке жарамсыздық парағын қолдану қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін ескертеді.

А. Сейфулла