$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шенеуніктер журналистердің кез келген сұрағына жауап беруге міндетті - Д. Абаев

AstanaTV
19.02.2019ж. 20:00
3223
Шенеуніктер журналистердің кез келген сұрағына жауап беруге міндетті - Д. Абаев

Шенеуніктер журналистердің кез келген сұрағына жауап беруге міндетті. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай деді. Қазір баспасөзде қызу жазылып жатқан БАҚ өкілдеріне аккредитация талаптарын күшейту мәселесін талқылауға дайын екенін айтты. Тіпті, журналистер құқығына қатысты сұрақтардың басын ашып алу үшін форум өткізуге де келісіп отыр. «Ал, мемлекеттік қызметкердің сұхбат кезінде ашу шақырып, мінез көрсетуіне жол жоқ»,- дейді министр. Еске салайық, өткен аптада Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин республикалық арнаның тілшісіне «жынымды келтірмеңізші» дегені үшін сынға ұшыраған еді.   

Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРІ: 

Ешқандай артық сұрақ қою-қоймау мәселесі тұрмайды бұл жерде. Қанша сұрақ қоясыз, сонша сұраққа жауап береді бәрі. Ешуақытта ешкім ешкімге ашуланбау керек. Сұрақ қойылды ма, сұраққа жауап беру керек. Бітті!

А. Сейфулла