Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Тұңғыш рет жемқорлық жайында жазылған монографиялық еңбек жарық көрді

AstanaTV
19.02.2019ж. 20:00
3233
Тұңғыш рет жемқорлық жайында жазылған монографиялық еңбек жарық көрді

Таразда тұңғыш рет жемқорлық жайында жазылған монографиялық еңбек жарық көрді. «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай оқырманға жол тартқан кітап «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты: аймақтық аспекті» деп аталады. Кітаптың тұсаукесерінде ғылыми еңбекті қоғам белсенділері қызу талқыға салды. Монография авторы партия жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Бақтияр Алдашов. Ол өз еңбегінде жемқорлықпен күрес жолдарын көрсетіп, әлемдік тәжірибелерді талдапты. 4 тараудан тұратын еңбекте партияның құрылу тарихына да тоқталып, оның жемқорлықпен күресудегі ұтымды саясатын көрсеткен. Ал, салыстырмалы түрде Тынық мұхиты мен Еуропа елдерінің тәжірибесімен байланыстырады. Жиын соңында монография облыстағы бірнеше кітапхана меңгерушілеріне табысталды.  

Бақтияр АЛДАШОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖО ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЖҚІҚ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ: 

Жемқорлық қылмысы бойынша халықаралық «Тарнсперейс интернешл» агенттігі жасайтын әлемдік рейтингте Қазақстан 175 елдің ішінде 22-ші орында тұр. Бірақ, бұл бізде жемқорлық дамып, дендеп кетті деген сөз емес. Бұл жемқорлықпен біз енді-енді күресті күшейтіп келе жатырмыз дегенді білдіреді. Қазір біздің ел жемқорлықпен күресудің жүйесін жасады. Арнайы агенттік аштық, ұлттық бюро құрдық. Мұның бәрін мен монографиямда жан-жақты талдауға тырыстым.

Д. Әлімқұл