$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қоластындағы қызметкерінің жемқорлық әрекеті үшін оның басшысы да жауап береді

AstanaTV
20.02.2019ж. 20:00
2858
Қоластындағы қызметкерінің жемқорлық әрекеті үшін оның басшысы да жауап береді

Енді қоластындағы қызметкерінің жемқорлық әрекеті үшін оның басшысы да жауап береді. Орынбасарлары пара алса, министр де, әкім де жазаға тартылады. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары заңдағы өзгерістер туралы Мәжілісте мәлімдеді. Толықтырылған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бірінші басшылар қызметін ауыстырса, жетекшісімен ілесіп кеңесшілерінің де конкурссыз көшіп бара салуына да тиым салынбақ. Сонымен қатар, енді жергілікті атқарушы органға жетекші сайланса, тиісті министрліктермен ақылдасуы керек.  

Айгүл ШАИМОВА, ҚР МҚСЖҚ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Жемқорлық әрекеті анықталған қызметкердің тікелей басшысы дисциплинарлық жауапкершілікке тартылады. Ол Президенттің бұйрығымен жүзеге асады. Қылмыстың деңгейіне қарай жаза сөгістен бастап, жетекшінің қызметінен босатылуына дейін баруы мүмкін.

А. Сейфулла