$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбе облысындағы 34 елді мекенді су басуы мүмкін

AstanaTV
22.02.2019ж. 20:00
3338
Ақтөбе облысындағы 34 елді мекенді су басуы мүмкін

Ақтөбе облысында 34 елді мекенді су басу каупі бар. Оның дені өзен - көл маңына жақын орналасқан бау-бақша ұжымдары. Облыстық төтенше жағдай мамандары су көтерілген жағдайда адамдарды көшіруге 78 арнайы бекетті дайындап қойған. Басты қауіп «Елек» пен «Қарғалы» өзендері жанындағы саяжай қоныстарына төніп тұр. Көктемгі су тасқынына қарсы аймақ 6 млрд-тан астам қаражат бөлген. Одан бөлек өзен арналарын тазартып, дамбыларды жөндегендерін айтты.  

Құмар ТҰРМАҒАМБЕТОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТЖД БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:  

Биыл кете ме, кетпей ма ол ауа райына байланысты. Қандай көктем болады соған байланысты. Соған қараймыз. Бірақ, осы 34 елді мекендердің жергілікті атқарушы орындар күштер мен құрылғыларды дайындап, жеткізіп тұр.

Б. Рахметова