Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Экспо» маңында орналасқан бірнеше көпқабатты үйдің тұрғындары 2 жыл қатарынан судан тарығып отыр

AstanaTV
22.02.2019ж. 20:00
3359
«Экспо» маңында орналасқан бірнеше көпқабатты үйдің тұрғындары 2 жыл қатарынан судан тарығып отыр

Экспо маңында орналасқан бірнеше көпқабатты үйдің тұрғындары 2 жыл қатарынан судан тарығып отыр. Мұндағы халық, тіпті, 1 аптадан бері сусыз отырғандарын айтып шағымданды. Ал, мамандар проблеманы сол жағалаудағы қарқынды құрылыспен байланыстырып отыр. Нұрсұлтан Біләл толықтырады.   

Нұрсұлтан БІЛӘЛ, ТІЛШІ:  

Бұл - Астананың сол жағалауы. Жан-жағымызда самсап тұрған көпқабатты бизнес санатындағы тұрғын үйлер. Жылтырап, көздің жауын алғанымен, сырты бүтін, іші түтін дейді арнамызға хабарласқан тұрғындар. Элиталық кешеннің пәтер иелері қыс түссе, судан қағыламыз дейді. Елорданың қақ ортасында тіршілік нәріне қол жеткізе алмай отырған тұрғындар дәл мынадай ыдыстардағы суды дүкеннен сатып алып тұтынады.  

Ыстық су мен ауыз су проблемасы тұрғын үй қолданысқа берілгеннен басталған көрінеді. Кешендегі су тапшылығын тартып отырғандар мәслені көтеріп, шағымданбаған жер, тоздырмаған табалдарық қалмады деп отыр.  

-Левый берег. Астана и у нас нету воды.  

-Мы без воды у нас нет никакого напора вообще. До 12-1 ночи.

-Платим за все услуги своевременно и в полном объеме но воды мы лишены.

Дүкеннің суын арқалаған тұрғындар коммуналдық қызметке берешегіміз жоқ деп шырылдайды. Су тапшылығы көбіне кешкі уақыт пен демалыс күндері қатты сезіледі. Өйткені, тіршілік нәрін тұтынушылар саны сағат кешкі 7-лер шамасында күрт өседі. Ал, соңғы бір аптада құбырлар құрғап тұрған көрінеді.  

АЛМА МҰХАМБЕТҚАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 

Су жоқ, не ыстық су, не суық су жоқ. напор деген кешке қарай ақырындап-ақырындап азаяды да кешке қарай алып тастайды суды. Кішкентай балалар бар жуындыратын. Суды міне жинап отырмыз, кешке қарай тазикке осылай жуындырып аламыз.  

Жауапты қызметтер болса су қысымы жеткіліксіз деп пайымдайды. Өйткені, Астананың сол жағалауы қарқынды құрылыс аланына айналған. Бірнен соң бірі бой көтеріп жатқан зәулім үйлердегі құбырларды қажетті су қысымымен толық қамтамасыз ету мәселесі шешімін таппай отыр.   

Марат АЙМАНОВ, «АСТАНА СУ АРНАСЫ» МКК УЧАСКЕ БАСШЫСЫ:  

Өз ойымды айтар болсам, бұл кешенде құрылыс қарқынды жүргізіліп жатыр. «BI Group» компаниясы жоспарланған кестеден озып, тұрғын үйлерді жылдам салып жатыр. Ал, қала тиісті желілерді жеткізіп үлгермей келеді. Қалалық желілер жобасында осы тұрғын үй кешені бар. Осы жылдың ортасы, яғни, жазға қарай су құбырларының желісі қалыпты жағдайда жұмыс істей бастайды деп ойлаймын.   

«Су қысымының әр түрлі деңгейде болуынан үйдегі құбырлар істен шығып жатыр»,- дейді пәтер иелері кооперативіндегілер.  

Жәмиля ЖҰМАЖОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 

Құбырлардан су аға бастады. 6-шы этаждан 4-ші этажға дейін, 3-ші этажға дейін. Стояк бар ғой жаңағы судың сол жерден су ағатын проблема пайда болды.     

Ал, құрылыс компаниясы өз тараптарынан еш қателік таппай отыр.   

Рауан ЖАНҒАЛИЕВ, «BI VILLLAGE SERVICE» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:  

Демалыс күндері кешке жақын судың азаю проблемасы мынау қаланың жүйесіндегі судың давлениясының түсуіне байланысты болып тұр.  

Тұрғындардың сөзіне сенсек, құбыр желісіндегі су қысымы жеткіліксіздігін «ЕХРО» маңында орналасқан үйлердің 20 мыңға жуық тұрғыны сезініп отырған көрінеді.  

Меруерт НҰРСАФИНА, ТҰРҒЫН: 

Бұл проблема қасымызда орналасқан «Арнау», «Камал» және «Де Люкс таун» сынды тұрғын үйлерде де бар. Яғни, тек біздің үй ғана емес, бірнеше көпқабатты тұрғын үйлер зардап шегуде.      

Н. Біләл