$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанда ветеринариялық бақылау мен қадағалаудың бірыңғай жүйесі жасалмақ

AstanaTV
22.02.2019ж. 20:00
3611
Қазақстанда ветеринариялық бақылау мен қадағалаудың бірыңғай жүйесі жасалмақ

Қазақстанда ветеринариялық бақылау мен қадағалаудың бірыңғай жүйесі жасалмақ. Мұны Ауыл шаруашылығы министрлігінің Комитет төрағасы Арман Өтеғұлов сенат қабырғасында өткен дөңгелек үстелде айтты. Бұл жоба елдегі мал дәрігерлік қызметті нығайту туралы 2019-2021 жылдарға арналған жұмыс жоспарының аясында жүзеге асырылмақ. Осылайша, ветеринарлар жергілікті атқарушы органдарға өтіп кеткен кейбір міндеттерін қайтара алады. Ал, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің мамандары ветеринарлардың жұмысын жеңілдететін арнайы компьютерлік бағдарлама мен мобильді қосымша әзірлеп шығарыпты. Онда жануардың мәліметтерін тіркеп, сол малға жасалған барлық ветеринарлық іс-шараларды көріп отыруға болады. Бұл ақпараттар автоматты түрде «Мал-мәлімет» атты орталық дерекқорға түсіп отырады. Осы арқылы мал дәрігерлері қағазбастылықтан босайды. Электронды жүйені жасауға университеттің өз қаржысы жұмсалыпты. Жоба жақын арада Ақмола облысындағы шаруашылықтардың бірінде сыналады. Сосын жаппай қолданысқа енгізу үшін Ауыл шаруашылығы министрілігіне ұсынылады.  

Ақылбек КҮРІШБАЕВ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: 

Бағдарламаның арқасында малдың ветеринарлық құжаты уақытылы толтырылып отырады. Бар ақпарат көпшілікке ашық тұратындықтан малдың тіршілік кезеңін бақылауға мүмкіндік туады. Сондай-ақ, малдан алынған өнім түрлерін фермадан бастап, тұтынушының үстеліне жеткенше қадағалауға болады.

Д. Қайыртай