$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Екі облыстың әкімдері ауысты

AstanaTV
26.02.2019ж. 20:00
4276
Екі облыстың әкімдері ауысты

Үкімет отырысының тез аяқталуы тегін емес. Премьер өңірлерге жаңа әкімдерді таныстыруға аттанып кеткен. Бүгін Түркістан облысына әкім болып Өмірзақ Шөкеев тағайындалды. Өмірзақ Шөкеев бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары және ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарын қатар алып жүрген еді. Айта кетейік, ол бұған дейін де Қостанай және бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облыстарына, одан бөлек Астана қаласына әкім болған еді. Түркістан өңірі де оған бөтен емес, ол осы өңірдің тумасы.   

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Араға он жыл салып жаңа облыс орталығына өте жауапты қызметке мені перзенттік парызымды орындауға мүмкіндік туғынғаны үшін Елбасымызға шексіз ризашылығымды білдіремін. Елбасы Түркістанды өзі рухани жаңғырған Қазақстанның жаңа мүмкіндігі деп айтты. Түркістанды мына біздің түп тарихымыздың, біздің рухымыздың символы деп айтты. Мен ойлаймын, Елбасының осы Түркістанға деген сондай құрметін, сенімін біз ақтауымыз керек.

Ал, Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалин болды. Бұған дейін ол Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарған. Оңдасын Оразалин 1963 жылы Ақтөбе қаласында туған. Сол жерде педагогикалық институтты, кейін Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмәдайды. Еңбек жолын да осы өңірде оқытушы болып бастаған. Кейін облыста түрлі лауазымды қызметтер атқарды. 2005 жылы облыс әкімінің орынбасары болды. Президент әкімшілігінде 2006 жылдан бері жұмыс істеген.  

Оңдасын ОРАЗАЛИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ: 

Ел, халықпен бірлесіп, Ақтөбе жерінің көркеюіне жалпы Қазақстанның биіктен көрінуіне бойымызда тұрған күш-қайратымды жұмсайтындығыма сенім білдіргім келеді. Өздерінің білесіздер, абырой ортақ. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіремін.

Ал, Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев болса, күні кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып кетті. Ол облысқа әкім болып 2015 жылдың қыркүйегінде келген. Бүгін ақтөбеліктер экс-әкімдерін шапан кигізіп шағырып салды. Олардың құрметі болар, адам қарасы қалың болды.  

Т. Оспанбаева