Биыл
қарымды қаламгер, дарынды драматург Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл. Хакім
Абайды әлемге танытқан, осы арқылы қазақ әдебиетінің шоқтығы биік екенін
көрсеткен қоғам қайраткерін жер-жерде еске алып жатыр. Қазақстанның барлық
аймақтарында түрлі іс-шаралар өтіп жатыр.
Астанадағы Назарбаев университетінде де айтулы шара өтті. Оған зиялы
қауым өкілдері қатысты. Мұхаңның шығармашылығы жайлы әңгімелеп, студенттердің
сауалына жауап берді. Сондай-ақ өнерлі жастар сахналық қойылымын ұсынды.
Жазушының ұлы Мұрат Әуезов әкесінің өмір жолы мен жазған дүниелері әлі де терең
зерттеуді қажет ететінін айтады.