$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда әлеуметтік нан бағасы қымбаттады

AstanaTV
27.02.2019ж. 20:00
2724
Павлодарда әлеуметтік нан бағасы қымбаттады

Павлодарда әлеуметтік нан бағасы қымбаттады. Өңірде бірінші сұрыптағы «ас атасы» 10 теңгеге өскен. «Апта басынан басталған қымбатшылық жоғары сұрыпты ұн бағасының өсуімен баланысты»,- дейді, жергілікті кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары. Қазір қалада 17 наубайхана нан пісіреді. Негізгі нанмен қамтушы – «Павлодар нан-тоқаш» комбинаты бағаны 85 теңгеге көтеріпті. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бағаны тұрақтандыру мақсатында күнделікті мониторинг жүргізіп, кәсіпкерлермен меморандум жасауды жоспарлап отыр.  

Арман АСИПОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы басқармасы «Павлодар» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе әлеуметтік бидайды сатып алып, диірмендерге ұсынуда. Осылайша, бір аптаның ішінде нан бағасын реттейміз. Сондықтан, арзандатылған бидайды ешкімге бермеуді көздеп отырмыз. Нәтижесінде нан бағасы түсетін болады.