«Арқалық хабары» апталық газеті алғаш рет латынша жарық көрді. Басылымның бас редакторы Қайрат Есмағамбетовтің айтуынша, тәжірибе ретінде газеттің бірінші бетін жаңа әріппен жазған. Басты мақсат - оқырманның пікірін білу. Жаңашылдықты қалың бұқара жақсы қабылдады. Өңір тұрғындарымен қатар өзге де облыстың оқырмандары ой-пікірін білдіріп, латын графикасын қолдайтынын жеткізді, - дейді редактор. Кириллицаны латын әріпіне бірден ауыстыратын арнайы бағдарламалар бар. Сондықтан басылымды жаңа әріппен таңбалау еш қиындық туғызбаған көрінеді.
Қайрат Есмағамбетов, «Арқалық хабары» газетінің бас редакторы:
Қазақстанның
әр аймақтарынан түрлі хаттар, ой-пікірлер келіп түсті. Біз үшін бұл өте қуанышты
жағдай. Пікір жазған адамдардың басым көпшілігі қолдау көрсетіп, халықты латын
әріпіне көшуге шақырған.