Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Оралда ауыр дертке шалдыққан науқастарды америкалық ескі құрылғымен емдеген

AstanaTV
01.03.2019ж. 20:00
5718
Оралда ауыр дертке шалдыққан науқастарды америкалық ескі құрылғымен емдеген

Ал, обыр дертіне шалдыққан оралдықтарды зауыттан 20 жыл бұрын шыққан америкалық қондырғымен емдеп келген. Бір қызығы, жаңа деп сатып алған аппараттың бұрын қолданылғанынан дәрігерлер бейхабар екен. Облыстық онкология диспансері директорының сөзінше, радиоактивті сәулені бүлінген жасушаларға дәл бағыттайтын коллиматор 200 миллион теңгеге 2015 жылы сатып алынған. Дегенмен, емдеу құрылғысы былтыр істен шығып, ақауын анықтау үшін шетелден мамандар алдырылады. Олар қондырғының ескі әрі бұрын қолданылғанын растап берген. Кейін емдеу мекемесіне ескі аппаратты жаңа деп сатқан алаяқ ұсталып, бес жылға сотталды. Әрі ол мемлекетке келтірген 200 миллион теңге шығынды өтеуі тиіс. Енді онкологиялық ауруға шалдыққан оралдықтар басқа қалаларда емделуге мәжбүр.  

Ерлан ТОҚСАНОВ, БҚО ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕР ДИРЕКТОРЫ: 

Инженерлер де оның бұрын қолданыста болғанын анықтай алмай тұр дәрігерлерден басқа. Ең бастысы оны қостық, бәрі жасап тұрды. Бұл мәселе болашақта шешіледі деп есептейміз. Енді қашан алынады, қандай бағаға алынады, ол сұрақтарға жауап бере алмаймын.

Е. Карин