Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстан халқы бүгін алғыс айту күнін атап өтіп жатыр

AstanaTV
01.03.2019ж. 20:00
3119
Қазақстан халқы бүгін алғыс айту күнін атап өтіп жатыр

Қазақстан халқы бүгін алғыс айту күнін атап өтіп жатыр. Қиын-қыстау кезеңде өзге ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алған қазақ ұлтына алғыс айту халықтық сипат алуы тиіс. «Нұр-Медиа» холдингі бас директорының орынбасары Максим Споткай осылай дейді. Ассамблея жанындағы «Жаңғыру жолы» қозғалысы осы мерекеге бірнеше жоба жоспарлапты. Мысалы, «Жастар жылы - даңғыл жол» шарасы әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған. Жұмыссыз азаматтар порталда өтініш қалдыра алады. Оларға еріктілер бағыт-бағдар береді. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға ассамблея жыл соңына дейін 126 миллион теңге көлемінде материалдық көмек те көрсетеміз дейді. 

Максим СПОТКАЙ, «НҰР МЕДИА» ХОЛДИНГІ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Шынында да бұл мейрам ерекше мейрамдардың бірі деп айтуға болады. Бұл мемлекеттік мереке болмаса да халықтық мерекеге айналған күндердің бірі. Тұрмыстық деңгейде әлеуметтік желіде құттықтауларды әріптестерге, достарға құттықтауларды жібереміз.

А. Сейфулла