Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қызылжар өңірінде қаскөйлер 9 елікті заңсыз атып алған

AstanaTV
06.03.2019ж. 20:00
3691
Қызылжар өңірінде қаскөйлер 9 елікті заңсыз атып алған

Қызылжар өңірінде қаскөйлер 9 елікті заңсыз атып алған. Орманшылар Есіл өзенінің бойын тексеру барысында «Mitsubishi Delica» автокөлігін байқапты. Күдік туғызған темір тұлпардың құжаттарын тексеріп, ішін тінту кезінде қару-жарақ пен сібір елігінің еті табылған. Ізінше полицейлермен бірлескен орман шаруашылығының инспекторлары айналаны шарлап шығып, етке толған тағы 5 қапты тауып алған. «Қазір тергеу амалдары қолға алынды»,- деді полицейлер. Заңсыз аңшылыққа 43 жасар браконьерден бөлек, тағы бірқатар адамның қатысы болуы мүмкін екенін жеткізді. Кінәсі дәлелденген қаскөйлерге үлкен көлемде айыппұл салынады немесе бас бостандықтары шектелуі мүмкін.  

Нұрбек БАЕКИН, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

ҚР Қылмыстық Кодексінің 337 бабы, 4 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнынан 5 пар аңшы шаңғылары мен екі бірлік аңшы мылтығы тәркіленді.

А. Құрманкин