$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Биыл әкімдіктер «Нұрлы жердің» 3 355 пәтерін «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатуға бөледі

AstanaTV
11.03.2019ж. 20:00
3087
Биыл әкімдіктер «Нұрлы жердің» 3 355 пәтерін «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатуға бөледі

Биыл әкімдіктер «Нұрлы жердің» 3 355 пәтерін «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатуға бөледі. Бұл туралы «Баспана» Ипотекалық ұйымы хабарлайды. Қолжетімді пәтердің ең көбі Шымкентте , Ақтөбеде және Солтүстік Қазақстан облысында беріледі. Кейбір аймақтар бұған ілікпеген. Еске салайық, осыған дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің» салымшылары арасында бөлінген еді. Ал биылдан бастап «Нұрлы жер» бойынша берілетін тұрғын үйге «7-20-25» бағдарламасына қатысушылар да қол жеткізетін болды. Нарықта «7-20-25» бағдарламасына қатысушылар пәтерді құрылыс компанияларының сату бөлімдері арқылы таңдай алады. Ал мемлекеттік тұрғын үйді алу үшін анық-қанығын жергілікті әкімдіктерден нақтылауға болады.

М. Дюсекина