Негізгі / Жаңалықтар / Қостанайлық дәрігерлер 85 жастағы қарияның туыстарына іздеу жариялайды

Қостанайлық дәрігерлер 85 жастағы қарияның туыстарына іздеу жариялайды

Қостанайлық дәрігерлер 85 жастағы әжейдің туыстарына іздеу жариялайды. Валентина Зиневич мертігіп, аяғын сындырып алған. Былтыр қазанда ауруханаға түсіпті. Содан бері ем-домын алып, жазылыпты. «Бірақ, туыстары оны алып кетуге асығар емес»,- дейді дәрігерлер. Олар полицейлерге жүгінген. Бірақ, ол да нәтиже бермеген. «Әдетте мұндай жағдайда қарияларды Рудныйдағы қарттар үйіне жіберетін едік. Бірақ, бұл қарияны олар да қабылдамай отыр»,- дейді ақ халаттылар. Өйткені, зейнеткердің барлық құжаттарын ауруханаға келіп жүрген туыстары алып кеткен. Құжаттыры мен банк картасы болмағандықтан аталған мекеме де әжейді қабылдай алмайды.  

-Забирать никто не хочет Вас из больницы?

- Нет, им нужен дом, деньги, которые у нас были.

Марал ӘБІЛҚАСЫМОВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:   

Шығарардан 2 жеті бұрын туыстарына айтқанбыз шығарамыз деп. Ешкім келген жоқ. Құжатттарын туыстары алып кеткен. Наурыз айында 6 ай болады. Не істейтінімізді білмей тұрмыз. Рудныйда үйі бар, куәлігі болса ауыстыратын.

З. Санай