Ал Алматыда отыздан аса иесіз автокөлік арнайы тұраққа «тоғытылды». Шаһарда аулалар мен жол жиектерін жылдар бойы қаңтарылып тұрған көліктерден тазарту шарасы басталды. Екі тәулік ішінде 55 көлік табылған. Иесі анықталғандарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, көлікті алып кетуге мүмкіндік берілді.
Әшірбек, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Мотор бұзылып қалған ғой просто. Ақша болмай қалды.
- Содан бері бір ай болды ма тұрғанына?
-Иә. Стоянкаға қоямыз енді. Бұрын орын жоқ болған.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Бірнеше айлар, жылдар бойы тұратын иесіз автокөліктер көбінесе аулаларда, жолдың бойында кездеседі. Біздің қаламыздағы абаттандыру көркін бұзады.
О. Нұржақып