Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Алматы тұрғыны көлік аламын деген 3 млн теңгесін лото-клубта ұтылып қалды

AstanaTV
14.03.2019ж. 20:00
3934
Алматы тұрғыны көлік аламын деген 3 млн теңгесін лото-клубта ұтылып қалды

Құмар ойынның құрбаны! Алматылық жігіт көлік алмақшы болған 3 млн теңгесін Астанада лотоға салып жіберді. Тіпті, кері қайтуға ақшасы қалмапты. Амалы таусылған 33 жастағы жігіт редакциямызға хабарласып көмек сұрады. Ол: «Лото-клуб тым құрығанда міндетті деген 10 пайыз өтемақы төлесін»,- деп отыр. Әу баста ойыншы лотереяға 50 мың тіккен. Кейін 100 мыңға көшіпті. Ақыры ұтыс шықпай, бар соманы бір-ақ тігеді.  

- Вначале 50 тысяч положил и играл, потом ставил уже по сто тысяч. Подъема не было. Просто проигрался, а потом хотел вернуть все деньги. 

Нұрдүн ҚОЖАМБЕРДИЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Қалай бүкіл ақшамды ұтылып қалғанымды білмеймін. Көлік аламын деген қаражат болатын. Олар маған тиісті 10 пайыз өтемақы қайтаруын талап еттім. Нәтиже жоқ. Тек әкімші келіп өз ережесін айтып, қайта кетіп қалады. 

Клуб әкімшілігі ұтылған соманың 10 пайызы қайтарылу керегін жоққа шығармайды. Бірақ, бұл ереже тек «казиноларда» жүреді. 

Гаухар АБДРАХМАНОВА, ЛОТО-КЛУБТЫҢ ӘКІМШІСІ: 

Бүкіл ереже кіре берісте жазылып тұр. Ойынға құнықпауға шақыратын ескертулер де ілінген. Бізде өтемақы деген атымен жоқ. Ол бізден ұтылған ашасының 10 пайызын неге сұрап жатқанын мүлде түсінбеймін. Ойнаған өзі. Бұл оның өз таңдауы болды. 

Ә. Өмірзақ