Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

«7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2019 жылы 16 мың пәтер салынуы керек

AstanaTV
15.03.2019ж. 20:00
3112
«7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2019 жылы 16 мың пәтер салынуы керек

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы ауылдарда да жұмыс істеуі керек деп есептейді нұротандық мәжілісмендер. Партиялық бақылау комитетінің отырысында депутаттар осы мәселені талқылады. Айтуларынша, нарықта бірінші дәрежелі тұрғын үйдің жетіспеуі бағдарламаны тежеп отырған көрінеді. Жобаны жүзеге асыруға осы жылдың өзінде 16 мың пәтер қажет. Алайда, оны салуға үлкен қалаларда жер телімі жоқ. Оның үстіне көп аумақтарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жасалмаған. «Ал халықтың 40 пайызы тұратын ауыл-аймақтарда бірде-бір тұрғын үй бағдарламасы жұмыс істемейді»,- дейді партиялық бақылау комитетінің мүшелері.  

Балайым КЕСЕБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Тұрғын үйді алуға кандидаттардың бірінші жарнаны төлеуге 20 пайыз жарнаны төлеуге олардың қаржылары жетпеуі. Сондықтан, біз осы жерде сол алғашқы жарнаны кеміту мәселесі қаралды. Ол бойынша қазіргі кезде тиісті өзгерістер заң жобасына енгізіліп, мәжіліспен мақұлданып, сенатқа жіберіліп отыр.

Д. Қайыртай