Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Nur Otan» партиясы аймақтарда бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды

AstanaTV
15.03.2019ж. 20:00
3731
«Nur Otan» партиясы аймақтарда бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды

Қызылжарда болашақ мұғалімдер инклюзивті білім беру мәселесін талқылады. «Nur Otan» партиясының «Болашақ» бастауыш партия ұйымы жергілікті университетте дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аймақта кәмелет жасқа толмаған төрт мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 250-і қазір орта мектепте білім алып жүр. Елімізде 2016 жылы барлық педагогикалық факультеттерде «Инклюзивті білім беру» пәні енгізілді. Тек Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің өзінде былтыр 200-ден астам студент осы пәнді меңгерген. Келесі жылы бірқатар студент кембағал жандарға арналған мектептерде оқу тәжірибесінен өтпек. Жас мамандар абыржып қалмау үшін әлеуметтік педагогтар оларды әу баста психологиялық тұрғыдан дайындап жатыр.  

Любовь ОКУНЕВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: 

Мүмкіндігі шектеулі балалар орнында отырмайды. Олардың қимыл-қозғалысында, сөйлеу мәнерінде ақауы бар. Ұстаз онымен тіл табысып, оқуға деген ынтасын оятуы тиіс. Әрине, әрбір баланың өзіне тән мінезі бар. Сондықтан, біз жалпылама ақпаратпен ғана шектелеміз.

Ал Қызылордада бүгін «NUR OTAN» партиясы бос жұмыс орын жәрмеңкесін ұйымдастырды. Отыздан астам мекеме мен компания 150-ге жуық жұмыс орнын ұсынған. Жетекші партия өкілдері мен қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары жәрмеңке туралы ақпаратты әлеуметтік желі, жергілікті БАҚ арқылы жариялаған. Партиялықтардың айтуынша, мұндай шаралардың арқасында екі қолға бір күрек табуға ниеттілердің 85 пайызы жұмыспен қамтылады. Бүгін 200-ге тарта адам жұмыс іздеп келді.  

Нұрлан АБДУКӘРІМОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламаны жүзеге асыруғы байланысты қоғамдық қабылдау акциясы өтіп жатыр. Азаматтар келіп, осы шараға қатысып жатқан мемлекеттік құрылымдар бар, жұмыс беруші органдар бар, мекемелер бар. Солармен жүздесіп, пікірлесіп, осы бағдарламаның бағыты бойынша тиісті кеңес алуда, мүмкіндік жасалып жатыр.

А. Құрманкин