$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырау облысында балықтың қырылуына кінәлілерді халық білуі керек - Мәжіліс депутаты

AstanaTV
19.03.2019ж. 20:00
2883
Атырау облысында балықтың қырылуына кінәлілерді халық білуі керек - Мәжіліс депутаты

Жайық өзенінде балықтың қырылу себебі мен кінәлілерді халық білуі керек. Нұротандық мәжілісмендер осындай пікірде.Бүгін партияның орталық аппаратында Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жиын өтті. Онда Атырау облысындағы аталған жағдай жан-жақты қарастырылды. Сәуір айында сот сараптамасының нәтижесі шығады. Ал депутаттар оларды асықтырып отыр. Глеб Щегельский бұл кеше болған жағдай емес, мәселенің себебін анықтайтын уақытты өтті деп отыр.  

Глеб ЩЕГЕЛЬСКИЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Қазіргі деректер бойынша, 118 тонна балық қырылған. Оның көпшілігі екі балық зауытында жасанды жолмен өсірілген бекірелер. Ол зауыттар биылдан бастап қара уылдырықты экспорттауға дайындалып отырған еді. Яғни, бекірелерлі өсіруге олар көп ресурс жұмсаған. Қанша шығын келгені енді есептеліп жатыр.

Д. Қайыртай