Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдап, Президент қызметіне кірісті

AstanaTV
20.03.2019ж. 20:00
5191
Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдап, Президент қызметіне кірісті

Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдап, Президент қызметіне кірісті. Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында ол Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант етті. Енді ол келесі сайлауға дейін Қазақстанның Президенті қызметін атқарады. Парламенттің бірлескен отырысынан Мөлдір Бақыт жалғастырады.  

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ, ТІЛШІ: 

Президенттің кешегі тарихи һәм тосын мәлімдемесі халықты шынымен қатты таңқалдырды. Депутаттардың өзі төбемізден жай түскендей болдық дейді. Парламент өкілдері биліктің бір бұтағы болса да бәріміз секілді тарихи шешімді тікелей эфирден естіген. Әлбетте, әйелдер жағы көз жасына ерік бергенін жасырмады. Ал ер азаматтар ұстамдылық танытқан.

Қимастық сезіммен көзіме жас келді, шын айтам... 

Бұл енді кеудесінде жаны бар, мен қазақпын деген азаматтың бәрінің де көңілі толқымай қабылдауға болмайтын оқиға деп ойлаймын.

Честно, да. Я думаю что такие моменты всегда приводят женщин, людей которые проходили с ним, знаю его. Он всегда был нашим Президентом, конечно есть эмоции

Адами жағын қарасаң конечно, не ожидали. Тосқан жоқпыз.

Мы все сентиментальные, люди конечно. Потому что я тоже 20 лет работал под руководством Елбасы.

Салтанатты ант қабылдау рәсімі басталардан бұрын залға Нұрсұлтан Назарбаев келіп жайғасты. Депутаттар тік тұрып, бірнеше минут қол соғып құрмет көрсетті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға қолын қойып, елге адал қызмет етуге ант берді. Әнұран шырқалды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Президент куәлігін де тапсырды. Сөйтіп Қазақстан Республикасының екінші Президенті болып Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалды. Мемлекет басшысы ретінде алғаш мінберге шыққан Тоқаев Астана қаласына Тұңғыш Президент есімін беруді ұсынды және облыстардағы бас көшелер мен даңғылдарға Назарбаев есімі берілсін деді.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКАСЫ:  

Наша столица должна носить имя нашего Президента и называться «Нурсултан». Хотел бы напомнить что такое предложение уже высказывалось по случаю 25-летия независимости РК. Предлагаю воздвигнуть монумент в честь первого президента рк в столице нашего государства. Считаю необходимым назвать центральные улица всех городов именем Нурсултана Абишевича Назарбаева. Думаю все согласятся что Елбасы достоин награждению высшему званиями нашего государство «Халық Қаһарманы», «Еңбек ері».

Қасым Жомарт Тоқаев - жаңа Президент. Оған уақытша немесе міндетін атқарушы деген тіркестер қолданылмайды. Елде келесі Президент сайлауы 2020 жылы сәуірде өтеді. Оған дейін бір жыл, бір ай бар. Тоқаев мырза соған дейін мемлекет басшысы. Кейін сайлауға түсе ме, ол жағы белгісіз. Жалпы заң бойынша кандидат сайлауға партия атынан түседі. Жасы қырықтан асқан, мемлекеттік қызметкер, қазақ тілін меңгерген азамат немесе азаматша болуы керек. Қазіргі жағдай барлық партияларға сигнал. Оған қоса елде кезектен сайлау болуы ықтимал. Дегенмен «Ақжол» партиясының жетекшісі асықпауға шақырды.  

Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: 

Бірдеңе айтуға әзірге ерте болар. Елбасымыз аман болсын, және де бүгін бұйырса Президенттік міндетіне кіретін азамат аман болсын. Әрі қарай көреміз.

Наурыз, жыл басы саясат сахнасында күтпеген жаңалықтарымен басталғалы тұр. Дегенмен, көптің көкейінде Президент сайлауы қашан деген сауал бар. Ал Нұрсұлтан Назарбев 36 мың шаршы аумақ жұмыс орынын 28 мың шаршы аумаққа ауыстырады. Яғни, сәні мен салтанаты Ақордадан бір мысқал да кем емес «Президент орталығына» көшеді. Онда арнайы кабинет бөлінген. Және Тұңғыш Президент Кеңсесі жұмыс істейді.      

М. Дюсекина