Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бұрынғы орнына Дариға Назарбаеваның кандидатурасын ұсынды

AstanaTV
20.03.2019ж. 20:00
2942
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бұрынғы орнына Дариға Назарбаеваның кандидатурасын ұсынды

Сенат төрағасының орны көп босап тұрған жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бұрынғы орнына Дариға Назарбаеваның кандидатурасын ұсынды.Жабық есік жағдайында өткен жиынға қатысқан 44 депутат президентті бірауыздан қолдады. Бұған дейін Дариға Назарбаева Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы қызметінде болған еді.  

Дариға НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:  

Елді дамыту стратегиясы мен қойылған мақсаттарын заңнамалық қамтаамсыз ету бірінші кезекте адамдардың өмірін жақсартуға, Қазақстан мемлекетін нығайтып, өркендетуге бағытталған. Сізге маған көрсеткен жоғарғы сеніміңіз үшін тағы да алғасымыды білдіріп, өзімнің барлық білім, қабілетімді алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге жұмсаймын деп сендіремін.

Дариға Назарбаева Қоғам және мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы. Бұған дейін ол Мәжіліс төрайымы, премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарған болатын.  

Н. Біләл