Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Астана атауы Нұрсұлтан болып өзгертілмек

AstanaTV
20.03.2019ж. 20:00
4985
Астана атауы Нұрсұлтан болып өзгертілмек

Астана атауы Нұрсұлтан болып өзгертілмек. Бүгін Парламенттің қос палатасы Ата Заңға енгізілген өзгерісті бірауыздан мақұлдады. Енді тек Президенттің қол қоюы ғана қалды. Нұрсұлтан Біләл тарқатады.  

Нұрсұлтан БІЛӘЛ, ТІЛШІ: 

Парламентің қос палата отырысына сенатың 43, мәжілістің - 101 депутаты түгел қатысты. Сондай-ақ, жиынға конституциялық кеңес, үкімет мүшелері мен Президент және Примьер-министрдің әкімшілігі де шақыртылды. Отырыс басында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Сенаттың су жаңа төрағасы Дариға Назарбаеваны құттықтап, өте жауапты, лауазымды жұмыста табыс тіледі.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Сенат төрағасы болып сайланды. Осыған байланысты барлық депутаттарымыздың атынан Дариға Нұрсұлтанқызын жаңа қызметпен құттықтаймын. Осы жауапты, осы лауазымды жұмыста тек қана үлкен табыс тілейміз.

Ары қарай Халық қалаулылары Күн тәртібінде қаралған басты және бір мәселені талқылауға кірісті. Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту жайындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қарау үшін конституцияда жазылған заңға сәйкес ұсынылған жалпыұлттық референдум өткізбей-ақ депутаттардың құзырына беру шешімі қабылданған көрінеді. Бұл заңнан аттап өту емес. Өйткені, дәл осы мәселені қарау мен қабылдаудағы екінші нұсқасы осы болып табылады.  

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Президент бұл ұсынысты референдумға шығармай Парламенттің қарауына жіберу туралы шешім қабылданды. Бұл мәселе бойынша Конституциялық кеңес өзінің қорытындысын да берді.

Еске сала кетейін, 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мәжіліс депутаттары Елорда атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсыныс айтқан болатын. Бұл жолы да олар аталған бастаманың ел үшін маңызды екенін тілге тиек етті. 

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:  

Тәуелсіз мемлекеттің құрылысын салып, шаңырағын көтеріп, әлемге танытып берген Нұрсұлтан Әбішлұына келер ұрпақтың қай толқындары да рақмет айтары анық.

Халық қалаулылары заң жобасын бірінші және екінші оқылымында бірден мақұлады. Одан кейін бірнеше минутта ғана заң жобасын тұтастай қабылдап тастады. 

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Тарихи шешім қабылданды

Қаржы Министрі Әлихан Смайыловтың айтуы бойынша қала атауының өзгеруіне байланысты шығындар елорда бюджетінен қарастырылатын болады.  

Марат БЕКЕТАЕВ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:  

Елорданың атауы өзгергенімен тұрғындар құжаттарын ауыстырулары шарт емес. Тек оның мерзімі өтіп кетсе ғана құжатты ауыстыру жөн деп санаймын.

Нұрсұлтан БІЛӘЛ, ТІЛШІ: 

Енді Елорда атауы ресми түрде Нұрсұлтан болып Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Азан шақырып қойған есімім Нұрсұлтан болғандықтан бұл хабарды өз басым ерекше эмоциямен қабылдадым. Шын мәнінде бұл тарихи сәт, тарихи шешім.

Н. Біләл