$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан Астананы Нұр-Сұлтан деп атауға келісіп отыр

AstanaTV
20.03.2019ж. 20:00
3323
Қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан Астананы Нұр-Сұлтан деп атауға келісіп отыр

Президенттің қала атын өзгерту ұсынысына байланысты қазір кеш қарайса да Астана қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтіп жатыр. Онда не айтылды? Тілшіміз Әлішер Өмірзақ телефон арқылы хабарлайды. Әлішер, қандай ақпарат біле алдыңыз?  

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ: 

Ия, Ләйлә, Елорда атауын өзгерту мәселесін талқылаған қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан Астананың Нұр-Сұлтан деп атауға келісіп отыр. Көпшілік болжағандай латын әрпімен емес, кириллицамен әрі сызықша арқылы жазылмақ. Десе де латынға толық көшкенде латынша бекітіледі. Мұны қалалық ономастика комиссиясы да мақұлдап отыр. Енді мәслихат шешімі Үкіметке жолданады. Соңғы нүктені Үкіметтегі ономастикалық комиссия қоятын болады. Ләйлә, мендегі бар ақпарат осындай.

Ә. Өмірзақ