Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қаржы сарапшылары елде ұлттық валюта тұрақты болып қалады деп болжайды

Қаржы сарапшылары елде ұлттық валюта тұрақты болып қалады деп болжайды

Атыраудағы ақша айырбастау пункттерінің кейбірі кешеден бері жабық тұр. Электронды таблолар өшірулі. Ал енді бірі «20-шы наурыз күні ашылады» деп хабарландыру ілгенімен, бүгін де жұмыс істеген жоқ. Тұтынушылары келіп, кіре алмай кері қайтып жатыр. Бірен-саран пункттер ғана жұмысын жалғастырған. Олар АҚШ долларын 378- 382 теңгеден саудалап жатыр. Ұлттық банк спекуляцияға жол бергендер болса, өздеріне хабарлауға шақырды. Бас банк төрағасының кеңесшісі әрі танымал экономист Айдархан Құсайынов мұндай спекулятивтік валюталық операциялардың жолы кесілетін болады деді. Ал Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев бұл өзгеріс уақытша екенін жеткізді.  

Ерболат ДОСАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ: 

Таңғы сауда-саттықта теңге бағамы азын-аулақ көтерілді. Менің ойымша, 26-сы күні өтетін саудада бәрі реттеледі. Айырбастау пунктілері мен екінші деңгейлі банктермен тиісті жұмыстарды жүргіздік.

Айдархан ҚҰСАЙЫНОВ, ЭКОНОМИСТ: 

Теңге құлдырайды деп болжауға негіз көріп тұрған жоқпын. Керісінше нығаюы мүмкін. Дәл қазір салық апталығы жүріп жатыр. Саяси өзгерістер уақытша, демек теңгенің бір-екі теңгеге арзандауы да уақытша. Қазір 377 мен 382 теңге аралығында сақталып отыр. Алдағы күндері де солай қалады.

Д. Қайыртай