«Ұлы даланың көне сарындары» Шымкент төрінде әуеледі. Ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттауды мұрат тұтқан шарада елімізге танымал әнші, жыршы, термешілер мен күйшілер өнерін ортаға салды.
Дәстүрлі музыка фестивалі «Nur Otan» партиясының 20 жылдығы аясында өтіп отыр. Оған бұл жолы Астана, Алматы мен Шымкенттің белгілі өнер адамдары қатысты. Халық өнеріне шөліркеген қалың көпшілік ортаға шыққандарды қошеметтеп, қолқалап қайта-қайта жыр сұрап жатты. Айта кетейік, «Ұлы даланың көне сарындары» осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Қаңтар айында Семей даласынан бастау алған фестиваль Павлодарда жалғасқан болатын. Дәстүрлі өнер еліміздің түкпір-түкпірінде шырқалады - дейді ұйымдастырушылар. Мақсат - халық өнерін насихаттау.
Сафуан ШӘЙМЕРДЕНОВ, РЕЖИССЕР:
Танымал әншілеріміздің басын қоса отырып облыстарды аралап халықтың дәстүрлі фольклорлық өнерін халыққа паш ету. Рухани жаңғыру мақсатында, жаңару мақсатында , әсіресе кейінгі жылдары кенже қалып бара жатқан біздің дәстүрлі өнерімізді халықтың өзіне қайтару.
А. Төребекқызы