Президенттің жаңа көмекшісі тағайындалды. 2016 жылдан бері Ұлттық экономика министрі болып, 2 наурызда ғана Ұлттық банк басқарма төрағасының орынбасары болған Тимур Сүлейменов Астанаға қайтып оралатын болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 40 жастағы шенеунік Ақордада қызмет етеді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Г. Меңдеева