Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қостанайда «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды бірыңғай қабылдау күні өтті

AstanaTV
01.11.2017ж. 20:00
3649
Қостанайда «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды бірыңғай қабылдау күні өтті

Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жандарды бірыңғай қабылдау күні өтті. Бұл «Нұр Отан»  партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылған. Мекеме басшылары мен мәслихат депутаттары тұрғындардың тілек-өтінішін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Келушілердің көбі әлеуметтік мәселелер бойынша көмекке жүгінген. Солардың бірі Гүлжан Алтайқызы құны қымбат дәрі-дәрмекті алуға мүмкіндігі жоқ екенін айтады. Буын дертіне шалдыққан бойжеткенге депутаттар қол ұшын созуға уәде етті.

Айтжан Есенгелдинов, облыстық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Дәрігерлер бізге қандай дәрі керек екендігін айтты. Мен Германияға хабарласып, қарастырдық, онда бар екен. Қазір дәрігерлер назначенин көшірмесін береді. Енді құдай қаласа, жұма-сенбі күні бізге жеткізіледі.

Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына төрт мыңнан аса адам келген. Әлеуметтік проблемамен арызданған 2 жарым мыңдай тұрғынның тең жартысының мәселесі оң шешімін тапқан. Жалпы мұндай қабылдауларға келген мүгедек жандардың әрбір үшіншісінің мәселесі оң шешімін табады. Бұл туралы Астанада партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткен жиын да айтылды. Келушілер сондай-ақ мүгедектігі бойынша тобын анықтау, жұмысқа орналасу мен шетелде ем қабылдау үшін квота бөлу жайымен де келген. Оларға денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлмететтік қорғау минитрліктерінің мамандары жан-жақты түсінік берді. Қоғамдық қабылдауға биыл  3500-дей азамат келіп мәселесін айтқан.