Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қасиетті орындарға апаратын жол

AstanaTV
01.11.2017ж. 20:00
3048
Қасиетті орындарға апаратын жол

Маңғыстау облысында қасиетті орындарға апаратын күре жолды жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл Елбасының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік"  жолдауы аясында қолға алынған. «Ата жолы» Шопан-Ата, Оғланды және Бекет-Ата зиратына апарады. Еліміздің мәдени мұрасы саналатын нысандар қасиетті орындардың мәдени-географиялық белдеуін құруға бағытталған «Киелі мекен» жобасына кіреді.

Туризмді дамыту мақсатында қолға алынған жобалардың бірі «Ата жолы» автожолын жаңғырту.  2011 жылы пайдалануға берілген жолдың ұзындығы 97 шақырым. Бірнеше қабаттан тұратын жолдың соңғы асфальттау жұмыстары биыл қолға алынды. Оған 5 млрд теңге бөлініп отыр.

Асылбек Жолдыбаев, «Ақжол құрылыс» ЖШС бас директоры:

Қаражатты жылдың аяғына дейін игереміз деп ойлаймын. Ұзындығы 50 км, 400 метр, ені 7 метр. Бұрын 5-ші санаттағы жол болса, қазір 5-ші санатқа өзгертіп жатырмыз, асфальт жабындысымен. Өзіміздің өндіретін өзіміздің заутымыз бар, өзіміздің карьеріміз бар, шебень өндіретін. Барлық жергілікті осы Маңғыстауда шығарылатын материалдарды пайдаланамыз. 

Аймақтағы Бекет ата кесенесінің өзіне апта сайын 500 бен 1000-ның аралығында адамдар зиярат жасауға келеді. "Ал олардың жол азабын сезінбей жетуіне жағдай жасау - міндетіміз",  - дейді облыс әкімі Ералы Тоғжанов. Қазір жобаның реконструкциялау жұмыстары басталған. Алдымен  облыстағы Қарақия ауданының аумағындағы жолға асфальт төселді.

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

Үкімет қолдауымен тас жол үстін асфальтпен жабатындай мүмкіндік туып отыр. Бұл жәй жол емес, бұл ата жолы.  Бұл пір Бекеттің жолы. Бұл бүкіл елдің, халықтың, барша қазақ халқының рух алатын жері деп қараймыз. Осыған үлкен қолдау болып жатыр. 

Әліби Көшербаев,  Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы:

Проектінің бағасы 5 миллард 800 миллион. Биылдыққа 2017 жылға 2 миллиардтан астам қаржы бөлінді, республикалық бюджеттен. Осы қаржыны биылдыққа игереміз деп ойлаймыз.

Елбасы атап өткендей, отандық туризмді дамыту үшін алдымен логистика мен инфрақұрылым жандануы керек. Сапалы жол салынса, ел-жұрт келеді, тіршілік басталады. Басқа да қызмет көрсету орталықтары бой көтеріп, кәсіпкерлердің табыс табуына жол ашылары анық,- деді аймақ басшысы. Жалпы құны 5 млрд теңгені құрайтын жобаны 2019 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА