Негізгі / Жаңалықтар / 100-ден аса киікті заңсыз атқандар ұсталды-ІІМ

100-ден аса киікті заңсыз атқандар ұсталды-ІІМ

Қарағанды мен Ақмолада ақбөкендерді аяусыз атқандар құрықталды. Олардың арасында «Охотзоопром» инспекторы да бар. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі күдіктілердің қамауда отырғанын хабарлады. Браконьерлер 100-ден аса киікті заңсыз атып, мүйіздерін кесіп алған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстар басталды. Полицейлер мен кинологтардан арнайы тергеу тобы құрылды.  

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Полиция қызметкрелері киікті жаппай атты деген күдікпен бір топ адамды, оның ішінде Ауылшаруашылық министрлігінің «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның инспекторын ұстады. Күдіктілердің тұратын жерлерін тінту барысында қылмыс қарулары, сондай-ақ киік мүйіздері алынды.

А. Бектас