Қазақстанда
ұлттық дәрілік формуляр мамыр айынан бастап іске қосылуға әзір. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен брифинг барысында вице-министр Алексей Цой ресми мәлімдеді.
Ұлттық дәрілік формуляр "www.knf.kz"
сайты арқылы жұмыс істемек. Онда әзірге 644 халықаралық патенттелмеген
дәрі-дәрмек пен 2 мыңға жуық сауда атаулары енгізілді. Формуляр қорына тек
клиникалық тиімділігі дәлелденген дәрілер ғана тіркелуі тиіс. Әрі тұтынушыға
ыңғайлы болу үшін мемлекеттік реестерге алынған препарат бағасы да жазылады.
Отандық тұңғыш дәрілік формуляр британдық үлгіде әзірленген. Жобаны дайындауға
халықаралық кеңесшілер де тартылыпты.
Талғат
Нұрғожин, Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр орталығының жетекшісі:
Дәрілік формулярға енген дәрілер барлық бағасы жағынан да, әсері жағынан да
біздің министрлік атынан қолданылуға рұқсат берілген дәрілер болып
тағайымдалады. Дәрілердің ішінде отындық зауыттардан шығатын дәрілер де
бар.
Құралай ПИОНЕР