7 жылға бәрібір сотталатын
болды! Астана қалалық сотының алқасы «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық
бірлестігінің экс-президенті - Байболат Әубәкіровтің апелляциялық шағымын
қарағанымен, оны өзгеріссіз қалдырды.
Тергеу дерегіне сай,
экс-басшы «өзіне сеніп тасырылған мүлікті талан-таражға салған». Сотта
қорғаушы тарап іске қатысты барлық айғақтар мен сарапшылар тыңдалмады деген уәж
келтірген. Сөйтіп, Әубәкіровті толық ақтауды сұраған. Алайда апелляциялық сот
бірінші үкімді күшінде қалдырып отыр. Айыпты тұлға сол жерде абақтыға
әкетілген. Бірлестік мүшелері де миллиондаған қаржыны жымқырған экс-президентке
тым аз жаза берілді деп, апелляциялық арыз түсірген болатын.
Алтынай Ибрагимова, «Қазақ зағиптар
қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі:
Біз өте жеңіл жаза қолданылды
деп ойлаймыз. Бірінші сот орындары. Біз екінші алқа мүшелеріне апелляциялық
шағым жасап, жазаны қатаңдату жөнінде сұрап отырмыз.
Еске салсақ, «Қазақ зағиптар
қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Байболат Әубәкіров былтыр желтоқсанда
7 жылға сотталған болатын. Бірақ іс қайта қаралғанға дейін ол бостандықта
жүрді.
Құралай ПИОНЕР